Қарағанды көлік-технологиялық колледжінде 04.02.2022 күні, колледждің Жас мамандарымен, «Оқытушы бейнесі» тақырыбында педагог-психолог Әшен Ақнұр Алтынбекқызының ұйымдастыруымен, психологиялық семинар-тренинг өткізілді. Бұл семинар-тренингтің мақсаты, оқытушылардың эмоционалды көңіл күйілерін көтеру, жағымды психологиялық ахуал тудыру, топтасып жұмыс істеу жүйесін әрі қарай дамыту және студенттермен дұрыс қарым– қатынас жасауға бағыт-бағдар беру болып табылады.
Оқытушылар тренинге белсенді қатысып, өз ойларымен, пікірлерімен бөлісіп отырды. Қызыққан сұрақтарына жауап алып, бірігіп жұмыс жасап, өздерінің ұйымшыл екендігін көрсете білді.
Жаңалық
Психологиялық семинар
2022 ж. 7 сәуір